$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Ауыл шаруашылығы саласында кезекті өзгеріс болуы ықтимал

AstanaTV
23.09.2014ж. 20:00
1019
Ауыл шаруашылығы саласында кезекті өзгеріс болуы ықтимал

Ауыл шаруашылығы саласында кезекті өзгеріс болуы ықтимал. Шаруаларды субсидиялау автоматтандырылған жүйеге көшуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев мәлімдеді.

Оның сөзінше, егер бастама Президент әкімшілігінен қолдау тапса, жақын арада қожалық иелері ауылдарынан шықпай-ақ онлайн жүйеде субсидияға өтініш бере алады. Евниевтің пікірінше, бұл тәртіп жалпы субсидиялау барысын оңтайландырып, қағазбастылықтан құтылуға көмектеседі.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы:

Мыңдаған қағаз, папка-папка. Кейбір аудандарда машинамен тасиды. Кәсіпкерлер мына біздің тауар өндірушілер комиссияға жүрмей-ақ сол интернетпен үйлерінде отырып, офистерінде отырып, заявкаларын беріп, сондай жүйеге көшуге тырысамыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ