Жанар-жағармай тапшылығы Шығыс
Қазақстанда да ушығып тұр. Ал, жүргізушілер
болса, көлігіне жанармай құю үшін артық ақша төлеуге де дайын. Облыс
орталығындағы жанармай құю бекеттері 1 айдан бері бензин тапшылығын сезінуде.
Егер кешкі 7-ге дейін көлігіңізге жанармай құйып үлгермесеңіз, сұйық отын іздеп қаланы шарлайсыз, не үйіңізге жаяу қайтуға
тура келеді.
Жанармай бекеттерінің қожайындары
жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Айтуларынша,
мұнай өңдеуші зауыттарға баяғыда-ақ төлем жасалған. Бірақ неге екені белгісіз,
бензин уақытылы келіп жатқан жоқ. Сондықтан, бар бензинді үнемдеуге мәжбүр.
Зейнеткер Алексей Грихоненко көлігіне
бензин құю үшін Зыряннан Өскеменге 160 шақырым жүріп келді. Себебі, бекетте сұйық отынға 101-ші болып кезекте тұрған.
Жүргізушілер жанар-жағармай бағасын көтере салысымен елдің бұлай бензинге бола
дүрлігуі бірден басылатынына сенімді.
Бензин бағасын
көтергілері келеді. Қаншама мұнай мен газ бар. Ал, бензин жоқ.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ