$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Жамбыл облысы Жуалы ауданының оқушылары мектепке бару үшін 4,5 шақырым жаяу жүреді

AstanaTV
23.09.2014ж. 20:00
4309
Жамбыл облысы Жуалы ауданының оқушылары мектепке бару үшін 4,5 шақырым жаяу жүреді

Жамбыл облысы Жуалы ауданында 70-ке жуық оқушы мектепке барып қайту үшін күніне 9 шақырым жаяу жүреді. Ата-аналардың айтуынша, Күреңбел ауылының орта мектебінде оқитын оқушыларды тасымалдайтын автобус аудандық білім бөлімінің шешімімен, қатынасты тоқтатқан. Салдарынан, 9-шы қыркүйектен бері балалар мен ұстаздар жаяу-жалпы табанынан таусылып жүр. Бүгін ауыл халқы жиылып, тасымалды қайта жандандыруды талап етті. Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады.

Күрең күзде Күреңбел ауылы автобусынан айырылып отыр. Халық, 45 жыл бойы қатынап келген жалғыз көлікті Жуалы аудандық білім бөлімі көп көрді дейді. Мектепке балалардың барып-қайту жол ұзақтығы 9 шақырым. Ал, осыншама жерді оқушыға жаяу жүргізу - бұл балалардың болашағына бас қатырмау деді бұқара базыналы.

Күреңбелдік шәкірттер күніге осылай сабаққа дейін де, сабақтан кейін де сабылады. Арасында мектеп үйірмесіне баратыны тағы бар. Ата-аналары абыржып, мұғалімдерден де маза қашқан. 15 күннен бері мына арқан бойы созылған көшемен ауыл оқушылары жаяу жүруге мәжбүр.

Айбек Әбзелбек, 7-ші сынып оқушысы:

Машиналар кейде алады, кейде алмайды. Кейбір күндері жаяу барамыз. Қосымша сабақтар дейді, басқа нәрселерге шақыртады. Бармасаң тағы ұрсады. Барсаң тағы бәле, бармасаң тағы бәле.

Жібек Амантай, 10-шы сынып оқушысы:

Бізде ауа райы өте қатал аймақ болғандықтан қыс өте қалың болады. Екі метрге дейін қар жауғанда жаяу тіпті бара алмайсың. Оқушылар орташа есеппен мектепке дейін 4 жарым шақырым жерді жаяу жүреді. Кері қайту да сол шама. Сорақысы сол, жаңа оқу жылы басталмай жатып, оқушылар екінші рет аяқ-киімдерін ауыстырып жатыр дейді ата-аналар. Өйткені, асфальтталған көшемен адымдап өту - мектепке киер киімді тоздырған.

Оқушылар орташа есеппен мектепке дейін 4 жарым шақырым жерді жаяу жүреді. Кері қайту да сол шама. Сорақысы сол, жаңа оқу жылы басталмай жатып, оқушылар екінші рет аяқ-киімдерін ауыстырып жатыр дейді ата-аналар. Өйткені, асфальтталған көшемен адымдап өту - мектепке киер киімді тоздырған.

Нұрмолда Таубалдиев, «Күреңбел» ауылының тұрғыны:

Оқушыларды жібермейміз деп отырмыз. Бір аптаға жетер жетпесте аяқ киім шақ келмейді. Ауырып қалса мұғалімдер жауап береді ме?

Ербол Тілепов, «Күреңбел» ауылының тұрғыны:

Жуалыны білесіздер күні қатты суытады. Азанда тып-тыныш бәрі жаяу оқуға кетеді. Түсте келе жатыр, алдынан жаңбыр, боран, дауыл. Денсаулығы құриды бір күні бір нәрсеге ұшырайды.

Бала үшін шыр-пыр болған ата -ана көлік керектігін айтады. Бұл жер бір кезде Төңкеріс елді-мекені аталыпты. Кейін көшелер кеңейе келе, 3 жыл бұрын ғана көрші Күреңбел ауылына біріккен. Екі ауыл тұтасқан себепті, мектеп автобусының қатынасы тоқтатылды дейді аудандағы білім саласына жауаптылар.

Сағындық Әбілдаев, Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы:

Бүгінгі таңда 3 км асатын қашықтық жоқ. Ол жерде тұрақты екі елді-мекен жоқ, бір елді-мекен «Күреңбел» ауылы, Қарабастау көшесі болып кеткен. Сондықтан, біз бір көшенің бойында тасымалдау жұмысы болмайтындықтан, бұл тасымал жұмысы тоқтатылған. Жаяу жүргенге мәжбүр болғанда енді бұ жерге қазір бір елді мекенге тасымал ұйымдастыра алмаймыз.

Біріккен екі ауылға ортақ мектептің басшылығы оқушылар үшін алаңдаулы. Жаяу қатынас қыста тіпті қиындай түседі. Бар үміттері ауыл әкімінде. Алайда, ауыл тұрмақ аудан әкімшілігін де кеңседен таппадық. Мектеп автобусын армандаған тұрғындар болса, облыстық білім басқармасынан жауап күтіп жүр. Олар екі апта бұрын басқармаға хат жолдаған. Жауап жоқ.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ