Таяуда Байқоңырдан тағы да «Протон-М» зымыран
тасығышы ұшырылмақ. Сенімді дереккөздер ғарыш
айлағының ұшыру алаңына бірден екі зымыран орнатылғанын хабарлап жатыр. Оның
бірі - «Луч» ғарыш аппараты тиелген «Протон-М» зымыран тасығышы
екені хабарлануда. Бұл "Протон"-ның биылғы жылдың мамыр айындағы сәтсіз
ұшырылымнан кейінгі әрекет. Ол кезде ресейлік зымыран тасығыш апатқа ұшрыған
еді.
Сондай-ақ, ғарыш айлағының Гагарин
ұшыру алаңына «Союз ТМА-14М» ғарыш кемесі де орнатылған. Онымен халықаралық ғарыш стансасының кезекті экипажы 26- қыркүйекте көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.
Илхам ИБРАГИМ