$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Эбола дерті Еуропаға жетті

AstanaTV
24.09.2014ж. 10:00
1149
Эбола дерті Еуропаға жетті

Эбола вирусы таралу географиясын кеңейтіп, Еуропаға да жетті. Испания астанасына безгекті жұқтырған Мануэль Гарсиа Вьеха есімді шіркеу қызметкері жеткізілді. Ол Испания астанасы ауруханасының эпидемиологиялық бөлімшесінде ем қабылдайды. Қазір науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, Эбола безгегінің белгілерімен Австралия азаматы ауруханаға түскен.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, Эбола вирусынан биыл 2 800-ге тарта адам көз жұмған. Ұйым мүшелері қараша айында бұл көрсеткіш 21 мыңға жетуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Мұның алдын алу үшін вирусқа қарсы күрес жұмыстарын күшейту керек, дейді мамандар. Қазір бас-аяғы 5800 адам айықпас дертті жұқтырып алған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ