$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Қазақстандықтар қажылыққа аттана бастады

AstanaTV
24.09.2014ж. 10:00
Қазақстандықтар қажылыққа аттана бастады

Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылық сапарға аттанып кетті. Бүгін Шымкенттен 200-ден астам адам қажылыққа жол тартты. Жалпы, биылғы жылы елімізден 5 мың адам 5 парыздың бірін өтеуге барады. Жыл сайын ниет еткен отандастарымыздың саны артуда.

Мәселен, өткен жылы 4 мың адам қажылығын өтеген. Қажылық миссиясына білікті дәрігерлер мен 25 имам бөлінген. Олар құлшылықты дұрыс орындау шарттарын түсіндіріп жүреді.

Илхам ИБРАГИМ