×

Мұхтар Алтынбаев әскери ұшақ құлаған жер анықталғанын хабарлады

AstanaTV
24.09.2014ж. 13:00
1744
Мұхтар Алтынбаев әскери ұшақ құлаған жер анықталғанын хабарлады

Ал Парламент Сенатының депутаты, бұрынғы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың айтуынша, СУ-27 көкке көтеріліп, алты минуттан кейін төңкеріліп құлаған. Алайда апат алдында ұшақтан ешқандай дабыл сигналы түспеген. Алтынбаев, әскери ұшақ құлаған жер анықталғанын да хабарлады.

Мұхтар Алтынбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Түңгі сағат 11-де құлапты. Сол уақытта ұшуға не себеп болды деп ойлайсыз? Оқу-жаттығулар болуы мүмкін ба? Қалай? Оқу-жаттығу жақсы ауа, жаман ауа, күндіз, түн болсын, ұшу керек. Дайындық болу керек. Түнгі дайындық та. Егер жау жағынан бірдеңе келсе қарамайды ғой ол. Түн бе, күн бе деп. Сондықтан ол, дайындық керек. Көтерілгеннен кейін самолет алты минуттан кейін төңкеріліп жерге кірген. Құлаған жерін тауыпты, бірақ экипаж туралы мәлімет жоқ.

Жұрағат БАМАН