Қарағанды облысының бұрынғы әкімі
Бауыржан Әбдішев ұсталды. Ол қызмет бабын
асыра пайдаланды деген күдікпен кеше кешкісін уақытша тергеу абақтысына қамауға
алынды. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне жергілікті
прокуратура органдары мәлімдеген.
Әбдішев абақтыға өз үйінен
жеткізілген. Агенттіктің хабарлауынша, өңірдің бұрынғы басшысы жемқорлыққа жол
бергені үшін айыпталып отыр.
Еске салайық, жаз соңында Президент
Нұрсұлтан Назарбаев өңірге барған іс-сапары кезінде облыстың
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері төмен, деп бұрынғы басшылықтың
жұмысын сынға алған болатын.
Президенттің айтуынша, облыста жер
телімдері белгілі бір кәсіпкерлік субъектілерге заңсыз беріліп, басқа бизнес
өкілдеріне зиян келтірілген.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ