$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Хезболла» қозғалысының жетекшісі Хасан Насралла: АҚШ - терроризмнің басты себепкері

AstanaTV
24.09.2014ж. 13:00
1256
«Хезболла» қозғалысының жетекшісі Хасан Насралла: АҚШ - терроризмнің басты себепкері

Америка - терроризмнің бастапқы себебі. «Хезболла» қозғалысының жетекшісі Хасан Насралла АҚШ-қа осындай сипаттама берді. Шиит топтарының басшысы АҚШ-тың Сирияда «Ислам мемлекеті» жауынгерлерін әуеден шабуылдауын сынады.

Алайда, Насралланың өзі жаңа экстремистік қозғалысты «Парсы шығанағы елдеріне қауіп төндіріп отырған құбыжық» деп, бірнеше мәрте мәлімдеген. Хезболла лидері, АҚШ шабуылдары өзі жақтасып отырған Сирия үкіметтік әскерінің жағдайын нашарлатып жібереді, деп алаңдаулы.

Өз кезегінде, Вашингтон «Ислам мемлекеті» жауынгерлерін жаңадан шабуыл астына алды. Пентагонның мәлімдемесінде АҚШ бас-аяғы 200 зымыран ұшырды, оның 16-сы Сирия бойынша делінген. «Томагавк» зымырандары мен тікұшақтардың ұшырылуы Қызыл теңіз бен Парсы шығанағында орналасқан кемелерден жүргізілді.

Еске салайық, Ракка қаласын әуеден атқылау барысында 30 жауынгер мен 8 бейбіт тұрғын қаза тапты, оның 3-і балалар. Атқылау Түркия шекарасына босқындардың жаппай келуінен кейін басталды.

Хасан Насралла, «Хезболла» қозғалысының лидері:

Біз бұл акция "Ислам мемлекетіне" қарсы болғанымен, АҚШ әскері мен халықаралық коалицияның Сирияға басып кіруіне қарсымыз. АҚШ әскерінің халықаралық коалицияны немесе НАТО-ны, я көп ұлтты күштерді сылтауратып, ел ісіне араласуына қатысты ұстанымымыз нақты, негізгі ережелер мен нормаларға сүйенеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ