Ал Ресей Еуразиялық экономикалық одақ
туралы келісімді 26-қыркүйекте ратификациялауы мүмкін. Мемлекеттік Дума осы
күні аталған одақ туралы келісім-шартты ратификациялауға ұсыныс бермек. Бұл
туралы ТМД істері, Еуразиялық ықпалдастық және отандастармен байланыс жөніндегі
комитет басшысы Леонид Слуцкий мәлімдеді, - деп жазады «Интерфакс Қазақстан».
Слуцкий бүгін журналистерге берген
сұхбатында «Комитет ратификациялау мерзімін 26-қыркүйек деп белгілемек», -
дегенді айтты. Сондай-ақ, ол «25-қыркүйекте бұл келісім-шарт комитет отырысында
қаралады» деп қосты. Талқылауға Еуразиялық экономикалық
комиссия басшысы Виктор Христенко қатысады.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА