$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Қызылордада мүгедек жан тігін цехын ашты

AstanaTV
24.09.2014ж. 13:00
1543
Қызылордада мүгедек жан тігін цехын ашты

Қызылорда облысында екі аяғынан айрылған Орынбек Шаймағамбетов өз алдына кішірігім тігін цехын ашты. Тағдыр тәлкегімен мүгедек атанғанымен, жігерін жоғалтпаған Ақсу ауылы тұрғыны жайлы өткен жылы жаңалықтарымызда көрсеткен едік. Ол қол қусырып отырмай, «қыз жасауына» қажеттінің бәрін, сандықтан бастап көрпе-көпшікке дейін өзі дайындайтыны жайлы айтқан болатынбыз. Осыдан соң оның өмірінде жағымды жаңалықтар орын алыпты.

Алматыдан бейтаныс адам тоқпен істейтін іс машинасын сыйлаған. Жуырда аты әлемге белгілі компаниялардың бірінен қайтарымсыз грант иеленіпті. Қазір ауылдағы бос тұрған ғимаратқа ие болып, екі адамды жұмысқа алып отыр. Қажетті құрал-жабдық пен матаның түр-түрін сатып алған.

Орынбек Шаймағамбетов, тігін цехының меңгерушісі:

Қыздың жасауымен шектелмей, амандық болса, қыздардың қазақы көйлектерін, ұлдардың қазақы шалбарларын шығарамыз. Келешектегі арман бұл. Алға қарай бір қадам болса да ұмтылыс бұл. Әрі қарай да енді, амандық болса, дамытамыз, үлкейтеміз.

Сәттігүл Әбдреева, тапсырыс беруші:

Егіз қызым бар еді, соған заказ беріп едім, рақмет, өте жақсы тігіліпті. Мұнымен шектелмей тағы қоржынға тапсырыс беремін. Сапасы да жақсы, сосын мынау салған мақтасы да қалың. Сосын мақтасы ұстағаннан белгілі, өте жақсы мақтадан салынған.

Шәрипа САҚТАПОВА