Жұмысшыларға жедел ішек
инфекциясын асхана қызметкерлері жұқтырған. Ақтөбе облысының Жаңажол елді мекеніндегі
мұнайшылардың улануына қатысты осындай ақпарат белгілі болды. 2 аспаз бен 2
ыдыс жуушының ағзасында жұқпалы дерттің қоздырғыштары табылған. Бұл жайында Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілі Гүлбану Дәулетова
айтты.
Еске салайық, осыдан он шақты күн
бұрын Мұғалжар ауданындағы Жаңажол вахталық елді мекенінде 24 мұнайшыдан жедел
ішек ауруы анықталған. Арнайы зерттеуден кейін науқастар қауіпті дертті ортақ
асханадан ас ішу кезінде жұқтырған деген қорытынды жасалды.
Департамент басшысы орынбасарының
айтуынша, жұмыс беруші компанияға қарасты асхана жабылып, жауапты азаматтарға
қатысты әкімшілік іс қозғалған. Оған қоса, кәсіпорын басшылығына 130 айлық
есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Гүлбану Дәулетова, Ақтөбе облыстық Тұтынушылар құқығын
қорғау департаменті басшысының орынбасары:
Құжаттары Ақтөбе облысы бойынша арнайыландырылған
ауданаралық сотқа жолданды. Сонымен қатар, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ заңды
тұлғасына және лауазымды тұлғаларына айыппұл салынды.
Мансұр ЕСҚОЖИН