$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Елордада 2 қалалық аурухана марапатталды

AstanaTV
24.09.2014ж. 20:00
2386
Елордада 2 қалалық аурухана марапатталды

Астанадағы №2 қалалық аурухана ISO 9001 халықаралық сапа сертификатын иеленді. Ұжым осы жылдың 21-23-шілдесі аралығында сертификаттық аудиттен сәтті өткен. Нәтижесінде бүгін салтанатты түрде сапа менеджментін басқарудың жоғары мәртебелі дипломын алды.

Емдеу мекемесі басшыларына құжатты Еуропалық «ТЮФ Рейнланд Групп» компаниясы табыстады. ISO 9001 халықаралық сапа сертификаты аурухананың медициналық қызметтер нарығында бәскеге қабілетті екендігін аңғартады.

Тимур Мұратов, Астана қаласы №2 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Біздің негізгі мақсатымыз - осы стандарттың арқасында науқастарға қызмет көрсету сапасын одан да жоғарғы деңгейге көтеру.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА