Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27
ұшағын басқарған экипаж мүшелерінің денесі табылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
хабарлады.
«Іздестіру жұмыстары барысында
подполковник Ерлан Науанов пен Денис Горбуновтың сүйектері табылды», - делінген
хабарламада. Оларды іздестіруге 4 тікұшақ пен
60-қа жуық адам жұмылдырылған еді. Іздестіру тобы кеше кешке дейін ұшқыштарды
тірі табуға үміттенді. Қазір әскери ұшақтың апатқа ұшырауына не себеп болғаны
анықталып жатыр.
Еске салайық, 23 қыркүйекте, кешқұрым
оқу-жаттығу кезінде Су-27 ұшағымен байланыс үзілді. Ізінше, оның апатқа ұшырағаны белгілі болды. Осы
оқиғадан соң елімізде Су-27 әскери ұшағын қолдануға уақытша тыйым
салынды.
Илхам ИБРАГИМ