«Қазақстан қор биржасы» өзінің валюта
алаңында Қытай юані Қазақстан теңгесі валюталық жұбымен, сауда-саттықты іске
қосты. Бұл жөнінде Ұлттық Банктің баспасөз
қызметі хабарлады.
Сауда таңертеңгі сессия кезінде Қытай
юанімен, ал, сауда-саттық жүргізілген күні теңгемен есептеліп жүргізіледі. Бұл
жұмысты іске қосу Қазақстанның Ұлттық банкі мен Қытай Ұлттық банкінің арасында
жүргізілген бірқатар келіссөздер нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Нақтырақ айтсақ, сауда-саттық 2014-жылдың
24-25-қыркүйегінде Алматыда өткен, Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі
Қазақстан-Қытай кіші комитетінің IX отырысы аясында ашылды. Қазіргі уақытта KASE-де АҚШ доллары, еуро, ресей рублі және қытай юані бойынша сауда-саттық жүргізілуде.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ