Сирия оппозициясы АҚШ-тан қырық миллион доллар қосымша
көмек алады. Бұл туралы Құрама Штаттар мемлекеттік хатшысы Джон
Керри Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб пәтерінде өткен министрлер кездесуінде мәлімдеді, деп жазды «Итар-Тасс».
Агенттіктің хабарлауынша, бұл қаржының
15 миллионы әскери топтарды қарумен жабдықтауға жұмсалады. Аталмыш жиынға Сирия оппозициясының өкілдері де қатысқан.
Джон Керри АҚШ Конгрессінің Сенаты Сирия оппозициясы сарбаздарын қаруландырып,
әскери оқу-жаттығу амалдарын үйрететін қарар қабылдағанын айтып өтті.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, Америка
Сирияның оппозициялық күштерін қаржыландыруды тоқтатпайды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ