2013-жылы және биыл Қазақстанның
арнайы қызметтері ел аумағында 9 терактінің алдын алды. Бұл туралы бүгін Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов
Сенаттың Пленарлық отырысында айтты.
«Мәселен, 2014-жылы сәуірде радикалды
діни идеологияның екі өкілі азаматтарды Сирияға сапарлауға және құқық қорғау
органдарына қарсы әскери күреске үгіттеген. Олар
сот шешіміне орай 5 жылға сотталды», - деді Асанов.
Сондай-ақ ол, 2013-жылы экстремистік
және террористік бағыттағы 65 қылмыстың жасалғанын, ал 2014-жылы 52 қылмыс
тіркелгенін айтты. Биылдың өзінде 29 адам
сотталған. «Жүзден аса адамның шетелдік террористік ұйымдарда екендігі
белгілі. Бұл ұйымдардың Қазақстанда өздерінің теріс саясатын таратып
отырғандығы құпия емес. Алдыңғы мерзімдерге қарағанда, экстремизм мен
терроризмге қарсы күрес анағұрлым күшейді деп айтуға негіз бар», - деді Бас прокурордың орынбасары.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ