$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Алматыда уранды қолданудағы қауіпсіздік шаралары бойынша конференция өткізілді

AstanaTV
25.09.2014ж. 13:00
1458
Алматыда уранды қолданудағы қауіпсіздік шаралары бойынша конференция өткізілді

«Қазақ атом өнәркәсібі» компаниясы жақында тағы да бірнеше халықаралық жобаларға қатыспақ. Осыған дейін Франция, Жапония және Ресеймен бірігіп, атом шикізатын өндіруде жетістіктерге жеткен ұлттық компания, енді АҚШ пен Қытай нарығына да ерекше назар аудармақ. Аспан асты елімен бірнеше келісім-шартқа қол қойған кәсіпорын уранды қайта өңдеу және балама энергия көздерін жасаудың жаңа технологияларын жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда басталған дәстүрлі атом өнеркәсіпшілерінің халықаралық жиынында айтылды.

Қазақстан уранның минералды шикізатын сыртқа сату жөнінен әлемде көшбасшы. Бірақ, Елбасының 2020-жылға дейін инновациялық мемлекетке айналу тапсырмасына орай бұл салаға ғылыми технологияны енгізу басты мақсатқа айналған, - дейді отандық мамандар. Бүгінгі конференцияға әлемнің 250-ден астам атом өнеркәсібінің мамандары, ғалымдар мен сарапшылар келген. Үш күн бойы қазақ даласындағы уран қорының әлеуетін тиімді пайдалануға қатысты озық ойлар мен пікірлер айтылуы тиіс.

Айта кетейік, ұлттық компанияның стратегиясында негізгі үш бағыт басымдылыққа ие. Олар: уранды өндіру, оны қайта өңдеу және одан баламалы энергия көздерін алу.

Серік Қожахметов, «Қаз атом өнеркәсіп» АҚ Жоғары технологиялық институтының бас директоры:

Қазіргі дамушы мемлекеттердің барлығы инновацияға ұмтылып жатыр. Яғни, келешек деген осыда екені түснікті. Бір сөзбен айтқанда, инновация мен ғылымға көп назар бөлініп отыр. Сондықтан, бүгін-ертең көп мәселелер осы төңіректе талқыланады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ