$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Ақтөбедегі кітапханалардың бірі кітаптарды тегін таратуда

AstanaTV
25.09.2014ж. 13:00
2150
Ақтөбедегі кітапханалардың бірі кітаптарды тегін таратуда

Ақтөбедегі кітапханалардың бірінде кез келген кітапты ақысыз иемденуге болады. Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Оқы және өзгеге ұсын» бастамасы осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған.

Кітапхана қызметкерлері арнайы көрме жасақтаған. Сол жерден өзіне ұнатқанын келген адам алып кете алады. Мақсат - халықтың кітапқа қызығушылығын ояту, деп отыр мамандар. Сыйға берілетін шығармалар 72 мың кітаптан тұратын қордан бөлек. Негізінен, кітапханаға келген сыйлы адамдардың сыйлыққа қалдырған туындылары. Арасында әлем мойындаған авторлардың туындыларымен қатар, кәсіптік-деректі материалдар да кездеседі. Кітапханашылар шамамен мыңға жуық кітап күнделікті толығып отыратынын айтты. Аталған шараның жемісі де жоқ емес. Оқырмандар саны артыпты.

Алтынгүл Ермекбаева, С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының бөлім жетекшісі:

Қазіргі жаңа технологиялардың дамыған заманында компьютер, ұялы телефонға шығып жатыр. Олармен бәсекелесу біздерге қазір қиынға түсіп тұр. Сондықтан да олардың, жастардың назарын кітапқа аудару мақсатында біз осындай акция ұйымдастырып отырмыз.

Мансұр ЕСҚОЖИН