$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Ресейде девальвация салдарынан дүкен сөрелері босап, жергілікті халықтың табысы азайған

AstanaTV
18.12.2014ж. 10:00
1466
Ресейде девальвация салдарынан дүкен сөрелері босап, жергілікті халықтың табысы азайған

Соңғы 11 айдың қорытындысыны сәйкес, Ресей халқының табысы төмендеп кеткен. Бұл жайында «Ведомости» газеті Ресей статистикалық агенттігіне сілтеме жасап, хабарлайды.

Елдегі экономиканың құлдырауына байланысты әлеуметтік жағдайдың нашарлауы әлі де байқалатын болады, дейді мамандар. Бүгінде дүкен сөрелері босап қалудың аз-ақ алдында. Дүкен иелері рубльдің күрт құлдырауынан тауар бағасын ауыстырумен әлек. Ел астанасы Мәскеуде пәтер сатып аламын деушілердің қатары күрт артты. «Доллар сатып алу тым кеш болғандықтан, жұрт шаршы метр алуға асық», - деп суреттейді қазіргі ахуалды Blackwood-тың басқарма серіктесі Константин Ковалев.

«Мортон» тобының президенті Александр Ручьев те дәл осындай пікірін білдіріп қалды. «Халық соңғы мүмкіндігін пайдаланып, несие рәсімдеуге кірісті», - дейді ол. Сарапшылар бұл жағдай ұзаққа бармайтынын айтады. Олар, таяу күндері рубль орнығып, бағалар аспандап кетеді деген ойда.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА