$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Палестина туралы қарар БҰҰ берілді

AstanaTV
18.12.2014ж. 10:00
2008
Палестина туралы қарар БҰҰ берілді

Еуропарламент Еуропалық Кеңес елдерінің Палестина тәуелсіздігін қолдайтындығына оң бағасын берді. Сондай-ақ, Таяу Шығыстағы жағдайдың бейбіт жолмен шешілу үшін келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі.

Еуропалық Кеңес димломатиясының басшысы Федерика Могеринидің айтуынша, «Еуропа Таяу Шығыста Араб мемлекетінің құрылғанын қалайды. Елдің шекарасы 1967 жылы қабылданған қарарға сәйкес болу қажет. Сондай-ақ, Иерусалим екі мемлекетке де ортақ астана болу керек», - деді. Иордания Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесіне резолюция жобасын ұсынды. Жобаға байланысты, Израиль белгіленген уақытта өз әскерін Палестина жерінен әкету керектігі жазылған. Бұл құжат қызу талқыға түсетіні анық. Дегенмен, алдағы уақытта Таяу Шығыста Израильдің жанынан тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылуы керек.

Қарарға байланысты, дауыс беру күні белгісіз. Өз кезегінде Палестина БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне жобасын ұсынды. Мұнда Израиль әскері Палестина жерінен 2016 жылдың қараша айынан дейін шығарылу қажет. Палестина мемлекеті 1988 жылы Алжирда құрылған. 2012 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Палестина мемлекетінің құрылғанын растады.

Самат ҚАНАҒАТОВ