Ал айналымында теңге мен рубль бірдей
жүретін Байқоңыр қаласының тұрғындары рубльдің құнсыздануынан зардап шегіп
отыр. Мұндағы Қазақстан азаматтары жалақы мен зейнетақыны ресей рублімен алады. Ал
екінші деңгейлі банктердің филиалдарынан алған несиелерін тек теңгемен төлейді.
Жергілікті халықтың айтуынша, Байқоңырда Халық банкінің ғана бөлімі бар және ол
банктен барлығы бірдей несие ала алмайды. Сондықтан, көпшілігі 254 шақырым
қашықтықтағы облыс орталығы - Қызылорда қаласына барып, тұрмыстық техниканы
несиеге рәсімдеп алған. Ең сорақысы ол емес, - дейді халық, ресей рублі құлдырап,
алатын жалақылары мен зейнетақылары мардымсыз болып қалған. Әсіресе, зейнеткерлер несиелерін жаба алмай қаламыз ба деп қорқады.
Базаркүл Тәжібаева, зейнеткер, Байқоңыр қаласы:
«Хоумкредит»-тен алғанмын кредитті. Бұрынғы
курспен алғанда біз теңгемен айына 22 мың теңге төлеп тұратынбыз, пенсиямнан.
Енді қазір пенсиям 22 мың теңгеге жетпей қалды айналдырғанымда. Кредит барып сұрасан: гражданствоң сенің Қазақстандікі, Қазақстаннан
барып ал, дейді. Қазақстанға келсең: енді айлығың, пенсиян - рубль, барып орысыңнан
ал, дейді. Сонымен, шөре-шөреміз, шының айтқанда.
Шарипа САҚТАПОВА