«Ардагерлерді ардақтайық»
республикалық акциясы жалғасын табуда. «Нұр Отан» партиясына мүше азаматтардан
жасақталған еріктілер тобы астаналық ардагер Николай Глазковтың үйіне барды. 88 жастағы қарт
майдангер, өзін сергек сезінеді. «Тамағым тоқ, көйлегім көк» дейді. Келген
қонақтарды өзі қарсы алып, өскелең ұрпаққа «Білектің күшімен, найзаның ұшымен»
жеткен жеңісті бағалай біліңдер деумен болды.
Николай Глазков, Отан соғысының ардагері:
Мы
дарим Родину потомкам,
отстоявшую в боях.
Могучую
не из обломков, свободную во всех краях.
Ардагер Қызыл Армия қатарына 1943-жылы
шақыртылған. Барнауыл қаласында снайперлер мектебін тәмамдап, 44-жылы соғысқа
аттанады. Қатардағы жауынгер теңіз жаяу әскеріне жөнелтілді. Балтық түбіндегі
майданның 51-ші дивизиясында соғыстым, дейді қария. Төсіне «Жауынгерлік ерлігі
үшін», 2-ші дәрежелі ордені мен 16 медаль тағылған. Соғыстан кейін ардагер
1950-жылға дейін Совет армиясының қатарында қалады. 1953-жылы Ақмола облысына
келіп, темір жол станциясында кезекші қызметіне орналасады. Соғыс кезінде екі
рет жарақат алған қария, бүгінде 2-топтағы мүгедек. Марқұм болған жарынан 2
бала, 7 немере сүйді. Николай Глазков бос уақытта өлең жазуды ермек етемін, дейді.
Николай Глазков, Отан соғысының ардагері:
Жестоко Гитлер
просчитался.
На танках до Москвы
промчался.
За это был смертельно
бит.
Как агрессор и бандит.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы
Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық жасау мақсатында қолға алынды. Республикалық акцияға
партия қатарынан жасақталған еріктілер тобы тартылған. Белсенді қыз-жігіттер
жалғызілікті қарияларға көмектесіп, 5 мыңнан астам майдангерге қолғабыс тигізуде.
Бүгінгі таңда 654 ардагерге көмек көрсетілген. Жалпы, қарияларды мазалайтын 10
мыңнан астам сұрақ партияның күн тәртібіне қойылды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА