Бүгін Әзірет Сұлтан мешітінде бас
мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қажылық сапарға ниет еткен жамағаттың соңғы легіне
сәт сапар тілеп, қажылық парызының маңызы мен мән-жайында уағыз айтты.
Қазақстаннан Меккеге баратын
мұсылмандардың саны биыл 5000-дай адамды құрайды. Ержан қажы Малғажыұлының айтуынша, қасиетті сапарға
аттануға құлшыныс танытқандар қатарының көптігі азаматтарымыздың әл-ауқатының
жоғары, иманының берік екенінің дәлелі. Қажылық сапарға сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасынан қосымша 30 адам аттанады. Яғни, уағыз насихат айтып, жол сілтеуші 25 имам мен 4 дәрігер жолға шықпақ. Бас мүфти ұлы сапарға ниеттенген жандардың қажылығы қабыл болып, аман-есен елге оралуына
тілек білдірді.
Ержан Қажы, Малғажыұлы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Ел үшін дұға қылыңыздар. Елдің амандығы
үшін дұға қылыңыздар. Ақ жаулықты апалар, сіздердің дұғаларыңыз қабыл.
Ата-бабаларымыз: «Ораза, намаз тоқтықта», - деп бекер айтқан жоқ. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса
ғана төрт құбыламыз түгел, ғибадатымыз толық болады, ағайын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ