Бүгін «Байқоңыр»-дан «Союз ТМА-14М» ғарыш
кемесі ұшырылды. Бұл жолы бортта әйел адам да
бар. Одан бөлек, ресейлік ғарышкер мен америкалық астронавт ғарышқа жол
тартты.
Ғарыш кемесі түнгі сағат 02:25 минутта ұшырылып,
орбитаға сәтті жетті. Ресейлік ұшуды басқару орталығы «космонавттар
өздерін жақсы сезінуде» деген хабар таратты.
Олар жарты жыл бойы ашық ғарышқа шығумен қатар, үлкен ғылыми бағдарламаны
орындайды.
Айта өтейік, жақын күндері «Байқоңыр»-дан
Протон-М зымыран тасығышы да ұшырылады деп жоспарлануда. Қазір ол ұшу алаңына жеткізілген деп сенімді ақпарат
көздері хабарлаған еді. Бұл Протонның биылғы жылдың мамыр айындағы сәтсіз
ұшырылымнан кейінгі әрекет. Ол кезде ресейлік зымыран тасығыш апатқа ұшыраған еді.
Илхам ИБРАГИМ