Диқандар арпа-бидай күйіп кетті деп
отырған кезде, Ақтөбеде нан бағасының көтерілетіні белгілі болды. Алдағы аптадан бастап 1-сұрыпты нанның құны 5 теңгеге
қымбаттайды. Бұл туралы қаланың 70 пайызын нанмен қамтамасыз етіп отырған «Рамазан» серіктестігінің бас директоры Орынбасар
Мусин мәлімдеді.
Бағаны дәл осы наубайхана көтермекші. Олар мұны жанар-жағармай мен коммуналдық қызметтер құнының
көтерілуі және аймақта егіннің шықпай қалуымен түсіндіріп отыр. Қазір Ақтөбеде
әлеуметтік нанның құны 42 теңге, 29-қыркүйектен бастап ас
атасы 47 теңгеден сатылымға шығарылмақ.
Илхам ИБРАГИМ