$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Венгрия Украинаға газ тасымалын тоқтатты

AstanaTV
26.09.2014ж. 13:00
956
Венгрия Украинаға газ тасымалын тоқтатты

Венгриялық операторлар украиналық «УкрТрансГаз»-ға көгілдір отын тасымалын белгісіз уақытқа тоқтатты. «ИТАР-ТАСС» агенттігінің мәліметінше, бұған жүйелік тұтынушылар тарапынан сұраныс көлемінің өсуі себеп болып отыр.

Компания өкілдерінің айтуынша, тапсырыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүйе теңдігін сақтап қалу үшін газ құбыры бағытын ішкі нарықтағы тапсырысты толық қамтитындай қылып реттеу қажет болған. Украинаға жекелеген газ құбыры арқылы көгілдір отын тасымалы 25-қыркүйекте, сағат кешкі алты шамасында тоқтатылған.

Еске салайық, өткен жылдың наурызында Украина мен Венгрия жылына украиналық нарыққа 6,1 миллиард текше метр газ тасымалдау туралы келісім жасасқан-ды. Сонымен бірге, жүйе жұмысы ағымдағы коммерциялық және техникалық жағдайға байланысты ғана тоқтатылуы мүмкін екендігі де өзара келісілген болатын.

Жұрағат БАМАН