Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық
ауданында болған соңғы терракт кезінде мерт болғандар саны анықталды. Синьхуа агенттігі, жарылыстан барлығы 50 адам қайтыс болды, деп хабарлады. Оның 40-ы террористердің өздері. Бұған дейін
2 адам қаза тапты делінген болатын.
Еске сала өтейік, қаскүнемдер
азық-түлік дүкендерінде, полиция учаскелері мен қоғамдық жерлерде жарылыс
ұйымдастырған. Шабуылшылардың біразы жарақаттан қайтыс болса, қалғандарын, яғни
2 лаңкесті полицейлер құрықтады. Оған қоса, көшеде кездейсоқ өтіп бара жатқан
адамдар да мерт болып, 54 адам жараланды.
Болған жарылыс үшін бірде-бір ұйым
өздеріне жауапкершілік алмай отыр. Себебі, бұл
ауданда тұратын ұйғыр сепаратистері көп. Олар Шыңжаң-Ұйғыр
автономиялық ауданының жартысын құрайды және ресми түрде «Шығыс Түркістан»
мемлекетін жариялағысы келеді. Бұл аймаққа терракт таңсық емес. Мәселен, мамыр айының 22-де болған жарылыстан 39 адам қайтыс болып,
94-і жарақат алған болатын.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ