$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Оңтүстік Кореяда Азия ойындары жалғасуда

AstanaTV
26.09.2014ж. 20:00
1552
Оңтүстік Кореяда Азия ойындары жалғасуда

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Азия ойындары жалғасуда. Қазақстан құрамасының қоржынына кіретін кезекті алтын жүлдені мылтықпен нысана көздеуден Ольга Довгун салды. Үш бағдарлама қорытындысы бойынша отандасымыз Корея және Қытай спортшыларын артқа тастады. Спорт тақырыбын Самат Қанағатов тарқатады.



Испания теннисшісі Рафаэль Надаль мен Франция спортшысы Жо Вильфред Тсонга арасында көрнекі матч Астанадағы теннис орталығында өтті. Әлемдік спорт жұлдыздарының кездесуін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеке тамашалды.

Жекпе-жекті көруге келген халықтың көптігі соншама, спорт кешенінде ине шаншыр жер болмады. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен кездесу тартысты өтті. Бірінші сетте табандылығымен танылған Тсонга тай брейкте 7:6 есебімен алға шықты. Үзілістен кейін тез жиналған Рафаэль Надаль ұпай санын түгендеп, таразы басын теңестірді.

Үшінші сетте де алған бетінен қайтпаған әлемнің екінші ракеткасы бірқалыпты өнер көрсетті. Өз кезегінде жиі қателесіп, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмаған Жо-Вильфред Тсонга аяғы жеңілісін мойындады.

Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастырған бұл матч елімізде теннистің дамуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Ал әлемнің бетке ұстар спортшыларның өнерін жеке тамашалаған жастар үшін, бұл - бағасы жоқ тәжірибе болатыны анық.

Самат ҚАНАҒАТОВ