$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Шығыс Қазақстанда жыл соңына дейін 360 мың шарты метрлік 2 мың пәтер салынады

AstanaTV
26.09.2014ж. 20:00
1268
Шығыс Қазақстанда жыл соңына дейін 360 мың шарты метрлік 2 мың пәтер салынады

«Шығыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін аумағы 360 мың шаршы метрді құрайтын 2 мың пәтер салынады». Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты.

Өңірдің даму көрсеткіштері туралы баяндаған әкім биыл облыста өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 108 пайызға артқанын хабарлады. Жол жөндеу жұмыстары да назарда тұр. Өскемен мен Рахман қайнары аралығындағы жолды жөндеу үшін 3 жарым млрд, ал облыс аумағындағы жолдарды жөндеуге биыл 15 млрд теңгедей қаржы бөлінген.

Ал, «бензинге байланысты күрделі проблема жоқ. Қазір бизнесмендер жанармайды өздері тасымалдауда. Бұл мәселе бойынша министрлікпен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз», - деді Сапарбаев. Сондай-ақ, өңір басшысы «Тарбағатай-Мұнай» серіктестігінде болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Еске салайық, жуырда кәсіпорынның 100 жұмысшысы қысқарып қалды.

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Біз қазір бұл сұрақпен Энергетика министрлігімен айналысып жатырмыз. Бірақ осыдан бір ай бұрын ол кісілерге айтылған кезде, бұл бір жағынан оптимизацияға да байланысты, ол кісілерге үш айлық жәрдемақы берілді. Қазір біз кейбіреулеріне жұмыс ұсындық. 9 адам жұмысқа орналасты. Егер 3 айдың ішінде осы мәселені Энергетика министрлігімен, Қытай жағымен келісе алмайтын болсақ, онда біз ол кісілердің барлығын жұмысқа орналастырамыз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ