$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Барак Обама АҚШ пен Кубаның арасындағы қарым-қатынас жақсарғанын мәлімдеді

AstanaTV
18.12.2014ж. 10:00
1182
Барак Обама АҚШ пен Кубаның арасындағы қарым-қатынас жақсарғанын мәлімдеді

Куба басшысы Рауль Кастро, АҚШ-пен арадағы димпломатиялық қатынастардың орнығанын растады. Бұл ақпаратты Кастро халыққа арнаған жолдауында айтты.

Өз кезегінде АҚШ президенті Барак Обама да екі ел арасындағы байланыстың жанданғанын мәлім етті. Енді жуырда Гавана мен Вашингтонда мемлекеттердің елшіліктері жұмыстарын қайтадан бастайды.

Обаманың айтуынша, «екі ел арасындағы қарама-қайшылықтар екі жаққа да тиімсіз». 1960-шы жылы Кубаның басшылығына коммунистер келгеннен кейін, АҚШ осы елге қарсы санкциялар жариялаған еді. «Алғашқы қадам жасалғанымен, Бостандық Аралында көп өзгерістер бола қойған жоқ. Билік басында Кастро қалып, елді коммунистік партия басқарады», - деді Ақ үй басшысы. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри, Кубаға баратынын айтты. Дегенмен, ол Бостандық Аралына қай күні баратынын нақтыламады.

Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы:

Обаманың тапсырмасы бойынша біз Кубамен қарым-қатынасты қайта қарастырамыз. Қаңтар айында Роберт Якобсон Кубаға аттанады. Менде өз кезегімде Бостандық Аралына баратынымды растаймын. Соңғы 60 жылдың ішінде Кубаға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы барған емес.

Самат ҚАНАҒАТОВ