$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан Каспий маңы елдерінен Қытайға тауар жеткізетін транзиттік көпір болуға дайын

AstanaTV
30.09.2014ж. 10:00
987
Қазақстан Каспий маңы елдерінен Қытайға тауар жеткізетін транзиттік көпір болуға дайын

Қазақстан Каспий маңы елдерінен өзге мемлекеттер нарығына тауар жеткізетін көпір ретінде өзінің транзиттік маршруттарын пайдалануды ұсынады. Бұл туралы кеше Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары бас қосқан саммитте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді деп, «КазИнформ» хабарлайды.

Президент бүгінгі таңда Қазақстанда «Солтүстік және Оңтүстік», ТРАСЕКА, Қытайдан Қорғасқа дейін, одан әрі Каспий теңізіндегі Ақтау портына дейін Ляньюнган порты сияқты дамыған транзиттік маршруттар іске қосылғанына тоқталып кетті.

Елбасы, сондай-ақ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль дәлізінің құрылысы аяқталып келеді. Қазақстан, Түркменстан және Иран биылғы жылдың ішінде Қазақстан мен Түркменстаннан Иран мен Парсы шығанағына дейін созылатын теміржолды түйістіруді көздеп отырғанын да атап өтті. «Қазақстан арқылы өтетін маршруттардың ашылуына орай, біз оларды Каспий маңы елдерінен өзге мемлекеттердің, бірінші кезекте Қытай мен Тынық мұхитына дейінгі елдер нарығына тауар жеткізетін транзиттік көпір ретінде пайдалануды ұсынамыз. Осы мақсатта біздің елдердің үкіметтері үкіметаралық келісімге қол қою мүмкіндігін қарастыра алады», - деп қорытындылады Н.Назарбаев.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА