Өңірлерден Сенат депутаттығына
өтініш білдірген 53 үміткердің 14-і өз еркімен депутаттық мандат үшін жарысын
тоқтатты. Бұл туралы бүгін еліміздің Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт
Мелдешев мәлімдеді. Бүгін сағат 24:00-де еліміз бойынша үгіт-насихат жұмыстары
толық тоқтатылады. Осылайша сайлауға түсетін қорытынды тізімде 39 үміткер бар.
Олар 1-қазанда Парламенттің Жоғары палатасының 32 мандатын өзара тартысқа
салады. Сайлау нәтижесі заңға сәйкес 7 күнде жария болады. Бірақ комиссия
хатшысы «дауыс санауды барынша жылдамдатуға тырысамыз» деді.
Сайлаудың ашық әрі әділ өтуін 160-тан астам шет елдік байқаушы мен 100-ден
астам ақпарат құралы бақылайды. Сайлау науқанына, әсіресе ресейлік байқаушылар
тарапынан қызығушылық мол.
Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық
сайлау комиссиясының хатшысы:
Ең көбі Ресейден, әрине, олардан
25-30-ға таяп қалды ғой деймін байқаушылардан, қырғыздар, Өзбекстан,
Тәжікстаннан келіп жатқан азаматтар, енді алыс жақтан айтатын болсақ, Батыс
Еуропадан келіп жатқандар да көп.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ