Ақтөбеде
әлеуметтік нан бағасын көтеру мәселесі өткір тұр. Бұған дейін ас атасымен
халықты қамтып отырған негізгі наубайхана - «Рамазан» аталған өнімінің бағасын
5 теңгеге көтерген еді. Артынша, бүгін «Атамекен нан 2000» серіктестігі
де бағаны осы шамада өсіретіндерін мәлімдеді. Осыған дейін наубайханадан 43
теңгеден таратылған нан, енді сауда сөрелеріне 48 теңгеден жеткізілетін болды.
Дүкеншілердің қосатын үстемесі тағы бар. Дәл бүгін тұрғындар нанды 50 теңгеден
алып жатыр. Ал ертең 5 теңге қосылуы ықтимал.
Мәселеге байланысты жергілікті
билік пен наубайхана иелері бірігіп ақпарат құралдарымен кездесті. Олар нан
бағасы соңғы рет осыдан 6 жыл бұрын өзгергенін айтты. Осы уақытқа дейін әкімдік
пен нан пісіретін мекемелер арасындағы меморандумға орай баға тұрақты
сақталған. Наубайхана иелері шығынға батқылары келмейтіндерін мойындады.
Анар
Даржанова, Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
Атап
өту керек, бұл мекеме әлеуметтік бағаны 2008-жылдан бері көтерген емес. Осы
бағамен 6 жыл бойы нанды нарыққа беріп тұрды.
Мансұр ЕСҚОЖИН