$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қытай банктері елдегі тәртіпсіздіктерден кейін жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды

AstanaTV
30.09.2014ж. 10:00
1134
Қытай банктері елдегі тәртіпсіздіктерден кейін жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды

Гонконгтағы тәртіпсіздіктерден кейін, Стандард Чартеред пен HSBC банктері уақытша жұмысын тоқатуға мәжбүр болды. Қалада бірнеше күннен бері жалғасқан ереуіл арулы қақтығысқа көшкен. Полицейлер шерушілерді басу үшін, жас шығаратын газ қолдана бастады.

Еске салайық, Гонконг тұрғындары жергілікті билікті өз еріктерінше таңдау құқын талап етуде. Бейжің бұған келіскендей болды. Бірақ, үміткерлер ҚХР билігінің тексеруінен өтетінін мәлім етті. Әзірге, Fitch агенттігінің рейтингі бірқалыпты. Гонконг экономикасына әсер ете қойған жоқ. Алайда сарапшылар қарсылық күшейсе, жағдай өзгеруі мүмкін, дейді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА