$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қарағанды облысында табиғатты қорғау полицейлері үш браконьерді ұстады

AstanaTV
30.09.2014ж. 10:00
1153
Қарағанды облысында табиғатты қорғау полицейлері үш браконьерді ұстады

Қарағанды облысында табиғатты қорғау полицейлері үш браконьерді ұстады. Бірнеше қару-жарақ пен екі ақбөкеннің денесі тәркіленді.

Аңшылардың көлігі Ұлытау ауданы, Амангелді ауылы маңында ұсталған. «Нива» көлігінде Қарағанды облысының тұрғындары болған. Тінту кезінде полицейлер жануардың өлі денесін, кесілген мүйізі мен бірнеше пышақ, оқ-дәрілерді тәркіледі. Көліктегілер өз қылмыстарын бірден мойындады. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Сирек кездесетін аңның мүйізі 30 мың теңгеге бағаланады.

Айта кетейік, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында күзетілетін ұлттық табиғи парк тек 6 жылдан соң құрылады.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА