$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сапар аясында Атырау қаласында бірқатар нысандарға баруы жоспарлануда

AstanaTV
30.09.2014ж. 13:00
1253
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сапар аясында Атырау қаласында бірқатар нысандарға баруы жоспарлануда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Ақ орданың баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар аясында Елбасының Атырау қаласында бірқатар нысандарға баруы жоспарлануда. «Сонымен қатар, хабарламада Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен екі жақты кездесу өткізуі, сондай-ақ, екі ел басшыларының Қазақстан мен Ресейдің ХІ-өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуы күтілуде», делінген.

Он бірінші халықаралық форум «Көмірсутегі саладағы инновацияға» арналады. Бұл туралы саммит алдында Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Путин мен Назарбаев екі жақты келіссөздер жүргізіп, форумның пленарлы мәжілісіне, сондай-ақ, ортақ құжаттарға қол қою рәсіміне қатысады.

Кездесу барысында мемлекет басшысы сауда-экономикалық әріптестікті күшейту мен 10-қазанда Кеден одағы, Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД аясында өтетін көп тарапты іс-шараларға қатысатын Ресей мен Қазақстанның дайындығына ерекше мән береді, - деді Ушаков.

Осы сағаттарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атыраудағы «Первомайский» БК» ЖШС-нің тауарлы-сүт фермасын аралауда. Бұл туралы Ақ орданың баспасөз қызметі хабарлады. ХІ-өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысы жайында толығырақ қорытынды жаңалықтарымызда хабарлайтын боламыз.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА