$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«EXPO-2017» көрмесіне Леонардо Ди Каприо және өзге де Голливуд жұлдыздары шақырылуы мүмкін

AstanaTV
30.09.2014ж. 13:00
1171
«EXPO-2017» көрмесіне Леонардо Ди Каприо және өзге де Голливуд жұлдыздары шақырылуы мүмкін

«EXPO-2017» көрмесіне Леонардо Ди Каприо және өзге де Голливуд жұлдыздары шақырылуы мүмкін. Бұл туралы Экология және қоршаған ортаны қорғау комитетінің отырысында «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді.

Оның айтуынша, халықаралық көрмені ұйымдастыру шығындарына 283 миллион еуро бөлінген. Оның ішінде белгілі тұлғаларды шақыруға да қаржы қарастырылған екен. Алайда, көрмеге шақырылатын әрбір белгілі тұлғаның елге әкелер кіріс мөлшері де саналатын көрінеді. «Яғни, жұлдызды қонақты шақыруға бөлінген қаржы шығындарының қайтарымы болуы тиіс», - деді Ермегияев.

Талғат Ермегияев, «Астана EXPO-2017» ҰК басқарма төрағасы:

Бұл сұрақты біз 2016-жылға қарай қарастырамыз. Айтып өткенімдей, ұйымдастыру шығындарына 283 миллион еуро бөлінген. Алайда, бұл қаржының қайтарымды болуын міндетті түрде қадағалаймыз. Көрмеге тек елге кіріс әкелетін, шығындарымызды өндіріп алуға болатын белгілі тұлғалар тартылмақ. EXPO-ға келетін туристтерге кім қызық, не қызық болатындығын әлі де қарастырамыз.

Жұрағат БАМАН