$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді

AstanaTV
01.10.2014ж. 10:00
759
Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сайлауға қатысуға 39 үміткер тіркелген. Сайлау барысын 166 байқаушы қадағалайды. Олар - шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері.

Жалпы, ҚР Сенатында 47 депутат бар. Олардың 32-сі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен сайланады. Еліміздің әрбір 14 өңірі мен республикалық маңызы бар ірі екі қаласынан Сенатқа 2 депутаттан ғана сайланады. Қалған 15 сенаторды Президент тағайындайды.

Самат ҚАНАҒАТОВ