$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ақтөбелік наубайханалар 5 теңгелік үстемақыны ұстап қалатындарын айтты

AstanaTV
30.09.2014ж. 20:00
1118
Ақтөбелік наубайханалар 5 теңгелік үстемақыны ұстап қалатындарын айтты

Әлеуметтік нанның бағасын өзгертпеу туралы меморандум мерзімі ұзартылғанымен, ақтөбелік наубайханалар 5 теңгелік үстемақыны ұстап қалмақ.

Еске салайық, апта басынан өңірдегі қос бірдей нан өндіруші серіктестік өнімдерін 5 теңгеге қымбаттатқан болатын. Себеп - коммуналдық төлемдер мен жанар-жағармай бағасының қымбаттауы. «Сонымен қатар, бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін әлеуметтік нан бағасы республиканың басқа облыстарымен салыстырғанда, әлі де болса төмен», - дейді ақтөбелік шенеуніктер. Бүгінгі күні наубайхана әрбір бөлке нанды 47 теңгеден сатса, қаладағы сауда орындарындағы бағасы 55-60 теңге аралығында саудалануда. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұнмен қамтамасыз етуге сөз бергенімен, Ақтөбеде нан бағасы бүгінгіден арзандамайды», - дейді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Анар Даржанова, Ақтөбе қалалық кКәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

2008-жылдан бері бұл мекемелер нанның бағасын көтерген жоқ. Өзіңіз көргендей, бүгінгі анализ бойынша 2008-жылдан бастап тағамның кейбір түрлері 2 есеге қымбаттады. Мысалы, ет бағасы сол кезде 600 теңге болса, бүгінгі күні 1000-1100 теңге. Сондықтан, нанның 5 теңгеге өсуі осы 6 жыл ішінде заңды деп есептейміз.

Мансұр ЕСҚОЖИН