$486.65 €524.46 ₽5.05
×

«Ардагерлерді ардақтайық» шарасы барысында қариялардың мәселесі бақылауға алынды

AstanaTV
01.10.2014ж. 20:00
1357
«Ардагерлерді ардақтайық» шарасы барысында қариялардың мәселесі бақылауға алынды

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен жүргізілетін «Ардагерлерді ардақтайық» шарасы барысында бес жарым мыңдай қарияның жағдайы нақтыланып, олардың күрделі деген 10 мыңнан астам мәселесі бақылауға алынды. Мұқтаж жандарға көмек көрсету жолға қойылды.

Бұл жоба шеңберінде күнделікті қолғабысқа зәру 645 ардагерге партия мүшелері қатарынан еріктілер бекітіледі. Олар қарттардың үйіне барып, аман-саулығын біліп тұрады.  Ирина, Құралай және Татьяна есімді еріктілер бүгін Астанадағы Еңбек ардагері Мәлиза Меңдібаеваның үйіне барды. Қарттар күніне орай оған түрлі сыйлықтарын ала келіпті. Жасы тоқсаннан асқан әжей қазір үлкен ұлының қолында тұрады. Айтуынша, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы басталысымен партияның қамқорлығын сезіне бастады. Ай сайын келіп тұратын еріктілер әжейді әңгімеге тартып, көңілін бір серпілтіп тастайды. Мәлиза апай оларды өз қыздарындай көреді. Еріктілер болса, өмірде біраз қиындық көрген ардагерді тыңдап, жігерлене түсеміз дейді.

Құралай  Түсіпова, «Ардагерлерді ардақтайық» шарасының еріктісі:

Өмірде көп қиындық көрген. Бірақ соған қарамай, әжеміз келген сайын бізді қуанып қарсы алады. Әрқашан да осы кісіден біз көп үлгі аламыз. Көп нәрсе үйрендік біз әжемізден.

Асан ҚАЛИАХМЕТ