$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Корольдік қасиетті қажылық сапарына баратын миллиондаған адамды қарсы алуға қамданды

AstanaTV
02.10.2014ж. 10:00
1060
Корольдік қасиетті қажылық сапарына баратын миллиондаған адамды қарсы алуға қамданды

Сауд Арабиясының күштері жоғарғы әскери дайындыққа көшірілді. Корольдік қасиетті қажылық сапарына баратын миллиондаған адамды қарсы алуға қамданды.

Жол бойына қарулы жасақтар қойылған. Олар Меккеге келіп жатқан әрбір көлікті тоқтатып, тексеруде. Мұнда тек арнайы рұқсаты бар көліктерге ғана жол ашық. Биыл Сауд Арабиясы көліктердің тексерісін қолайлы еткен. Электронды сканер енгізіпті. Аталмыш құрылғы көліктерді әлдеқайда тез тексеретін көрінеді.

Айта кетерлігі, қасиетті мекенге қажылыққа 2 миллионнан астам шетелдік барады деп күтілуде.

Абдуләзиз Әл-Хаммад, Мекке қаласы Полициясы басқармасының бастығы:

Ақылды қондырғылар биыл ғана енгізілді. Олар барлық тексеру бекеттеріне орнатылды. Арасында Ipad та бар. Олар қолдан жасалған жалған рұқсат қағаздарын бірден анықтайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ