$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Петропавл қаласының әкімі өз еркімен қызметінен бас тартты

AstanaTV
02.10.2014ж. 13:00
1524
Петропавл қаласының әкімі өз еркімен қызметінен бас тартты

Петропавл қаласының әкімі Төлеген Зәкірьянов өз еркімен қызметінен бас тартты. Шенеунік мұны отбасылық жағдайымен түсіндіріпті.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Владимир Дудовтың айтуынша, атқамінердің қызметтен кету туралы өтініші әлі қарастырылу үстінде.

Төлеген Зәкірьянов бұл қызметке 2013 жылдың мамырында тағайындалған болатын. Шенеуніктің тәжірибесі жоғары. Осыған дейін ол полиция тергеушісі, жеке кәсіпорындардың басшысы және аудан әкімі болып жұмыс істеген. Тіпті, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін де атқарыпды. Қазір қала әкімі қызметін уақытша оның орынбасары Қайролла Ғалеев орындауда.

Владимир Дудов, Облыс әкімінің аппаратының басшысы:

Әкімнің қызметтен бас тартуын қолдаудың арнайы реті бар. Бұл өтінішке Президент әкімшілігі де қол қою керек. Мәселе шамамен 1 аптадан кейін шешіледі деп ойлаймын.