$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Өскеменнің ірі сауда орындарының бірінде эротикалық пішіндегі макарондар пайда болды

AstanaTV
02.10.2014ж. 20:00
1650
Өскеменнің ірі сауда орындарының бірінде эротикалық пішіндегі макарондар пайда болды

Өскеменнің ірі сауда орындарының бірінде эротикалық пішіндегі макарондар пайда болды. Удай бағасына қарамастан, пішіні бөлек ұн өнімін сатып алушылардың қарасы қалың. Макаронның 250 граммы мың жарым теңгенің шамасында.

Тұрғындарды тауардың бағасы емес, оның балаларға арналған азық-түлікті сататын бөлімнің қасында саудаланып жатқаны алаңдатып отыр. «Секс паста» деп айдар тағылған тауар Италияда әзірленген. Өндірушілердің сөзіне сенсек, ол ағзаға пайдалы әрі қарапайым макарон мен кеспеден еш айырмашылығы жоқ. Бірақ өнімнің балалар тағамдары бөлімнің жанында сатылуын дүкен әкімшілігі түсіндіре алмады. Алайда сатып алушылар жуырда ғана сөрелерде пайда болған макарон түріне қатысты ойларын бүгіп қалмады.

Это что-то мужское, безобразие, конечно, такое можно  в специальных отделах, ужин перед ролевыми играми, типа этого что-то.

Анатомические части тела варить - это перебор уже.

Должны продавать людям постарше, а не с детскими макарошками.  

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ