$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Сот «Арқанкерген»-де қайтыс болған шекарашылардың отбасыларына өтемақы төлеуден бас тартты

AstanaTV
03.10.2014ж. 10:00
1302
Сот «Арқанкерген»-де қайтыс болған шекарашылардың отбасыларына өтемақы төлеуден бас тартты

Сот «Арқанкерген»-де қайтыс болған шекарашылардың отбасыларына өтемақы төлеуден бас тартты. Бұл туралы «ҚазТАГ» хабарлайды.

Айта кетейік, қаза тапқандардың жақындары 20 миллион теңгеге талап арыз берген болатын. Марқұмдардың туыстары «Сот, арыз берушілер төлем өндіру туралы талапты «Арқанкерген»-дегі жаппай кісі өлімі бойынша сотталған шекарашы Владислав Челахқа қоюы керек», деп шешті. Сондай-ақ, арыз берушілер Шекара қызметіне таққан айыптарын да негізсіз деп тапқанын айтып отыр. Қайтыс болғандардың бірінің туысы «Соттың шешімімен келіспейміз және оған Жоғарғы сотқа дейін барып, шағым келтіреміз», - деді.

Айта өтейік, әуеліде талап арыз Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі мен №2484 әскери бөлімнің үстінен берілген еді. Алайда, арыздар біріктіріліп, жауапкер ретінде Қаржы министрлігі мен Шекара қызметі танылды. 


Еске сала кетейік, «Арқанкерген» бекетіндегі қайғылы жағдай 2012 жылдың 28 мамырында болған еді. Екі күннен соң оқиға болған жерден жанып кеткен тұрақ пен 14 шекарашының және бір орманшының мәйіті табылды. Кейін күдікті ретінде шекарашы Владислав Челах ұсталды. Ол қызметтестерін өлтірді деп айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ