$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Александр Лукашенко: Белоруссия көптеген шығынға батуы мүмкін

AstanaTV
03.10.2014ж. 10:00
1191
Александр Лукашенко: Белоруссия көптеген шығынға батуы мүмкін

Лукашенко - Белоруссия мемлекетінің, Ресейде 2015 жылда қолға алынатын салықтық реформалардан көретін шығыны 1 млрд доллар болмақ деп есептейді. Оның айтуынша, «Бұлай болуы тиіс емес. Келісімде көрсетілген әрекетті жүзеге асырмай жатып, оны екінші қолымызбен жоққа шығарып жатырмыз. Нәтижесінде, Белоруссия көптеген шығынға батуы мүмкін». Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда Қазақстан, Белоруссия, Ресей арасында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім-шартқа қол қойылған болатын. Жаңа жүйе 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Дәл сол күні Ресей мен Белоруссия халықаралық келісімге өзгеріс енгізген еді. Ол өзгеріс бойынша, Белоруссия бюджетінде 2015 жылдан бастап мұнай өнімдері экспортынан 1 жарым млрд доллар көлемінде салық қалуы тиіс болатын.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ