$486.65 €524.46 ₽5.05
×

«Форбс» журналы, «Майкрософт» компаниясының негізін қалаушылардың бірі - Билл Гейтсті - ең жомарт америкалық миллиардер деп атады

AstanaTV
03.10.2014ж. 10:00
1008
«Форбс» журналы, «Майкрософт» компаниясының негізін қалаушылардың бірі - Билл Гейтсті - ең жомарт америкалық миллиардер деп атады

«Форбс» журналы, «Майкрософт» компаниясының негізін қалаушылардың бірі - Билл Гейтсті - ең жомарт америкалық миллиардер деп атады.

Басылым келтірген мәлімет бойыншы, тек өткен жылы Гейтс қайырымдылыққа 2 миллиард 65 миллион доллар жұмсапты. Қаражаттың басым бөлігі малярия безгегі, полиомелит сынды өзге де қатерлі дерттерге қарсы күрес шараларына бағытталған. АҚШ-тың ең жомарт миллиардерлері тізімін белгілі инвестор Уоррен Баффет жалғастырады. Оның 2013 жылы қайырымдылыққа бағыттаған қаражат көлемі 2 миллиард 63 миллион долларды құрады.

Басылым келтірген тізімнің алғашқы үштігін «ЭСТЕ ЛАУДЕР» косметикалық империясының мұрагері Леонард Лаудер қорытындылайды. Өткен жылы ол нью-йорктық «Метрополитен» музейіне құны 1 миллиард 100 миллионды құрайтын 78 өнер туындысын сыйға тартқан. «Форбс» әзірлеген жомарт ауқаттылардың тізімінде Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен қаржыгер Джорж Сорос та бар.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ