$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Қазақстан тұмауға қарсы 900 млн теңгеге жуық 1,2 миллион доза вакцина сатып алды

AstanaTV
03.10.2014ж. 13:00
1120
Қазақстан тұмауға қарсы 900 млн теңгеге жуық 1,2 миллион доза вакцина сатып алды

Қазақстан тұмауға қарсы 900 млн теңгеге жуық 1,2 миллион доза вакцина сатып алды. Бұл туралы Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Дәрігердің айтуынша, алдағы маусымда тұмау әдеттегі қалпында дамиды. Ал жаппай иммундау осыдан екі күн бұрын басталды. Бір вакцинаның құны ақылы кабинеттерде әр өңірде әр түрлі. 2200 теңгеден 3000 теңгеге дейінгі аралықта. Вакцина бір мәрте егіледі және оның қорғаныс әсері инъекциядан кейін екі аптадан соң басталады. Бір доза ағзаны жарты жылдан бір жыл мерзімге дейін қорғай алады.

Айта кетерлігі, Қазақстанда жыл сайын 600-ден 1 миллионға дейін тұмаурату оқиғасы тіркеледі. Яғни, халықтың 10 пайызына жуығы ауырады екен. Бас санитар, дәрігер тұмауға салғырт қарамай, ем-домды дер кезінде қабылдау керектігін ескертті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ