$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«100 қадам» Ұлт жоспарының әр тармағына арналған 100 бейнеролик түсіріледі

AstanaTV
12.01.2016ж. 20:00
1276
«100 қадам» Ұлт жоспарының әр тармағына арналған 100 бейнеролик түсіріледі

Ұлт жоспарының әр тармағына арналған 100 бейнеролик түсіріліп, ол «Астана» телеарнасының эфирінен көрсетіледі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының идеология мәселелері жөніндегі хатшысы Фархад Қуанғанов айтты. Әрбір роликте 100 қадамның нақты жүзеге асырылу механизмдері көрініс таппақ.

«Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында айтылғандай,  партияның бастамасымен 5 институционалды реформаның әр бағыты бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірленген. Аталған нұсқаулықтардың бүгін таныстырылымы өтті. Айта кетерлігі, Елбасы жариялаған Ұлт жоспарын өміршең ету, сондай-ақ оны халық арасында кеңінен насихаттау жұмысы «Нұр Отан» партиясына тапсырылған.

Бүгінде институционалдық реформаның әрбір бағыты бойынша бес жұмыс тобы құрылды. Нұротандықтар сонымен қатар, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағыты бойынша ауқымды жұмыс қолға алынғанын  хабарлады. Партия төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Оңтүстік Қазақстанда басталған шаруаларға төмен пайызбен несие беру тәжірибесі өзге өңірлерде жалғасатынын айтты. Несиелердің пайыздық үлесі 5-7 пайыз аралығында болады деп жоспарланып отыр.

Берік Уәли, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі:

Бұл тәжірибе 2014-2016 жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысынан басталған жоба болатын. Соны барлық республика көлемінде кеңінен насихаттап, осы жұмысқа ауыл тұрғындарын тарту бойынша қолға алынып жатқан бағдарлама. Шағын 6 млн теңгеге дейін несиелер беріліп, оларды жұмыспен қамтуға бағыттау. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ