$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұрлан Ноғаев «Ашыла бермейтін әкім екеніңіздің сыры неде?» деген сауалға жауап берді

AstanaTV
03.10.2014ж. 20:00
1482
Нұрлан Ноғаев «Ашыла бермейтін әкім екеніңіздің сыры неде?» деген сауалға жауап берді

«Батыс Қазақстанда аудан әкімінің бір орынбасары мен 5 ауыл әкімінің сотталғаны рас. Бұл мақтанарлық жағдай емес. Әйтсе де, мұндай келеңсіздіктер қайталанбас үшін, барымызды саламыз». Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген аймақ әкімі Нұрлан Ноғаев осылай деді.  Сондай-ақ, ол «көп ашыла бермейтін әкім екеніңіздің сыры неде» деген сауалға да жауап бере кетті.

Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

Жабықсыз деп атау тағып қойды. Мұны журналистердің өзі шығарып жүр, осы сұрақ жиі толғандырады. Неге рейтингіңіз төмен, неге жабықсыз? Менің жұмысыма баға беретін Президент, Үкімет, халық. Ақпарат БАҚ-на беріліп отырады, сондықтан мен сөз жарыстырмаймын, ашықпын, жабықпын деп қажетті деңгейде қарым-қатынас бар.

В последнее время возбуждены уголовные дела в отношении нескольких акимов, не опасаетесь ли вы что эта учесть может постигнуть и Вас?

От сумы и от бога не зарекайся. Кто знает, завтра кого что ждет? Вы можете ответить, что, выйдя из этого зала, с вами случится?

Аймақ әкімі Оралда қоғамдық көліктерде жолақы көтерілуі мүмкін, - деді. Айтуынша, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыратын мекеме басшылары жол жүру құнын 87 теңгеге дейін көтерді ұсынған. Қазіргі таңда ол 60 теңге. Облыс басшысы бағаның көтерілуіне жанармайдың да әсері бар екенін жасырмады. Есесіне, Батыс Қазақстан облысында АИ-92 бензинінің тапшылығына қатысты ешқандай қиындық жоқ. Нұрлан Ноғаев: «Мұнай өнімдерінің тапшылығы орын алғаны рас. Тіпті, жұрт әкімдік алдына көліктерін қойып, акция да ұйымдастырды. Бірақ бұл  кезең артта қалды», - деді.

Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

Өнімді Ресейден жеткізетін бекеттер де, өзіміздегі кәсіпорындардан алатын жанармай құю стансалары да бар. Қайсысында болсын, АИ-92 бензині еркін саудалануда. Энергетика министрілігімен бірлесе отырып жүргізілген шаралар арқасында, еліміздің зауыттарынан жанармайдың қажетті көлемі өңірлерге жөнелтілуде. Бұл жанармай саласындағы ахуалды реттеуге мүмкіндік береді. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА